EN ҚАЗ MN
Контакты Адреса офисов Приказы
  Старт
  Накопительный
  Накопительный +
  FAST
  Основной
  ВИП
  АВТО
модальное окно | Закрыть
• Сайттағы жалпы ережелер

Ақылы қызмет көрсету жөніндегі шарт



Алматы қ
«____» ______________ 20____ж.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, 2012 жылдың «19» мамырында берілген мемлекеттік тіркеу туралы Куәлік №502-1910-06-ЖШС, ’’G-TIME Соrроrаtiоn” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі «1-тарап» - Компания деп аталады), жарғы негізінде әрекет ететін, бас директор Жумагулова Ж.М. уәкілдігімен, бір тарап ретінде және жеке тұлға * __________________________________________________________________________, _______________________ жылы туылған (бұдан әрі «2-тарап» - Серіктес деп аталады), төлқұжат (жеке куәлік) нөмірі № ____________________________________,________________ жылы берілген, берген орган __________________________________________________, жеке кәсіпкерлер үшін _________________жылы берілген мемлекеттік тіркеу туралы куәлік №________________, берген орган _________________________________________, ЖСН ___________________________, тұрғылықты мекенжайы, екінші тарап ретінде, бірлесе отырып «Тараптар» деп аталып төмендегідей шарттары бар берілген келісімшартты жасады.



1. Келісімшарт мәні



1. Берілген қайтарымды қызмет көрсету туралы Келісімшарттың (әрі қарай «Келісімшарт») мәні Серіктестің Компания бағдарламаларын іске асыру, Компания өнімдерін нарықта жаңа әлеуетті Серіктестерді, оның ішінде www.gtime.kz сайтына шақыру арқылыіздеу және тарту бойынша қызметтер көрсетуі болып табылады. Көрсетілген қызметтер үшін және Серіктес сәйкес Маркетинг жоспарды толықтай орындаған жағдайда, Компания Серіктеске берілген Келісімшартпен қарастырылған тәртіпте және шарттарда сыйақы төлеу міндетін мойнына алады.



2. Серіктес статусын алу негіздері және ақпараттарды тарату тәртібі



2.1. www.gtime.kzсайтындатіркелуменбіргеСеріктесстатусыналудыңнегіздері:
а) Келісімшартта көрсетілген «ҚАБЫЛДАЙМЫН» позициясына басу арқылы Келісімшарт шарттарымен әлеуетті серіктестің келісім білдіруі;
б) Серіктестің сатып алушы таңдағанмаркетинг жоспар бағдарламасының нұсқасына сәйкес өнім бірлігін сатып алу арқылы бизнес-орын алуы
2.2. Серіктес Келісімшарт шарттарымен келісім білдірген сәттен бастап оған қол қойылған болып саналады және өз күшіне енеді. Тараптардың бірінің талабы бойынша, Келісімшарт кейіннен жазбаша формада жасалуы мүмкін.
2.3. Серіктес www.gtime.kz сайтына әлеуетті сатып алушыларды тартуды, ҚР ағымдағы заңнамасының нормалары мен принциптеріне қайшы келмейтін, кез-келген әдістермен жүзеге асырады.
2.4. Серіктес өзінің жеке сайтын пайдалану арқылы www.gtime.kz сайтына рефералдық сілтеме, жарнамалық баннер және т.б. орналастып сатып алушыларды тартқан жағдайда, мұндай ақпараттар авторлық және аралас құқықтарды, тауарлық таңбаларды, патенттік және басқа да зияткерлік меншікт құқықтарын бұзауы тиіс.
*Жеке тұлға – ҚР азаматтары, шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлға құрмаған кәсіпкерлер
2.5. Жеке сайттың иесі болып табылатын серіктес, авторлық және олармен аралас құқықтар саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін, ҚР ағымдағы заңнамаларының нормаларын бұзғаны үшін толықтай жауапты болады.



3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері.



3.1. Серіктестің міндеттері:

3.1.1. Әлеуетті сатып алушыларды Компанияның өнімдері туралы, ҚР заңнамасына қайшы келмейтін, Компания үшін де, Серіктес үшін қолайлы кез-келген формаларда және әдістер арқылы ақпараттандыру;
3.1.2. Компанияның өнімін әлеуетті сатып алушыларды іздеу және тарту жұмыстарын мақсатты түрде жүргізу және олармен қайтарымды қызметтер көрсету туралы келісімшарттар жасау,
3.1.3. Компанияның жарнамалық материалдарын өнімнің әлеуетті сатып алушылары ішінде тарату;
3.1.4. Компанияның моральдық-этикалық кодексін қатаң сақтау;
3.1.5. Өз қызметі барысында, Серіктестің бэк-офисінде бар, Компания басшылығы бекіткен слайдттарды және басқа да мәтіндік материалдарды белсенді пайдалану.
3.1.6. Компания логотипін жеке сайттарда (Компанияның ақпараттық орталықтарының жеке сайттарынан басқа), авторлық бейнеролик жазбаларында және басқа да материалдарда, Компанияның жазбаша келісімнісіз, пайдаланбау,
3.1.7. Компания чатын өзге мақсаттарға пайдаланбау, ол жерге жеке жарнамалық өнімін, басқа компаниялар туралы ақпаратты шығармау, Компания чатында жеке сипаттағы жазбалар жүргізубеу;
3.1.8. Компанияға толық және сенімді ақпараттар беру: телефон нөмірлері, почталық және эмэйл мекенжайлар, жеке тұлғаны растаушы деректер, тіркеу және тұрғылықты мекенжай туралы және т.б. мәліметтер,
3.1.9. Өнімді әлеуетті сатып алушыларға Компания туралы сенімді және шынайы ақпаратты беру.
3.1.10. Компанияның имиджіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ауызша немесе жазбаша пікірлер мен арыздарға, оның ішінда бұқаралық ақпарат құралдарындағы, Компанияның ортақ чатында, Компанияның салтанатты шараларында және т.б. жағымсыз материалдарға жол бермеу;
3.1.11. Келісімшартты орындауға байланысты өзіне белгілі болған Компанияның клиенттері, контрагенттері және сауда айырбастары туралы мәліметтерді құпия сақтау;
3.1.12. www.gtime.kzсайтындаКелісімшарттың 3.3. т. 3.3.3. тармақшасына сәйкес Компания енгізген толықтырулар мен өзгерістерді уақтылы бақылап отыру.
3.1.13. www.gtime.kzсайтынатіркелужәнеқаржынышығаруғаөтініштітолтырукезіндеөзітуралысенімді, шынайыақпараттар беру. Серіктес депозиттік, тұлғалық немесе карточкалық есепшот ашады немесе сыйақы аудару үшін ҚР банктерінің бірінен есепшот ашады.

3.2. Компанияның міндеттері:

3.2.1. Серіктеске дара логин таңдауға мүмкіндік беру, оған Компания маркетинг жүйесіндегі жеке жазба тіркеледі, сондай-ақ Серіктесті оқытушы тренингтер, жарнамалық материалдар және буклеттер жинағымен қамтамасыз ету,
3.2.2. Келісімшартқа қол қйған сәттен бастап, Серіктеске операциялық жүйеге, Серіктестің бэк-офисіне тәулік бойы қол жеткізу мүмкіндігін беру;
3.2.3. Серіктестік өніммен қамтамасыз ету;
3.2.4. Келісімшартпен қарастырылған сыйақының Серіктес көрсеткен депозиттік, тұлғалық немесе карточкалық есепшотына уақтылы аударылуын қамтамасыз ету;
3.2.5. Серіктестің бэк-офисіндегі операциялар туралы мәліметтерді, деректерді құпия сақтау;
3.2.6. Серіктеске Компания өнімдерін сәтті алға жылжыту үшін жарнамалық алаңды және Компанияның бизнес бағдарламаларының презентацияларын және оқыту конференцияларын өктізу үшін онлайн-бөлмені қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету;
3.2.7. Серіктеске Компания ұсынатын өнімдерді алға жылжыту үшін серіктестік бағдарламаларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету,
3.2.8. ON-LINE режиімнде тұрақты конференциялар, оқыту мектептерін өткізу, іс-шаралар мен семинарлар ұйымдастыру, сондай-ақ Компанияның Суппортымен техникалық және тұрақты ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету;
3.2.9. Серіктестің маркетинг жоспарларды орындауына байланысты уақтылы төлемдер мен сыйақыларды төлеуді қамтамасыз ету;
3.2.10. Компания есебінен жеңімпаздарға туристік жолдамалар беретін тоқсандық, орташа мерзімді (бір айға дейінгі) промоушендер өткізу,
3.2.11. Серіктестің негізді, жазбаша өтініші бойынша, Компанияның ішкі құжаттарымен бекітілген, тәртіпте демеуші немесе команданы алмастыру шараларын қолдану,
3.2.12. Компанияда бар бағдарламалар мен бизнесті техникалық қолдау жүйелерін кез-келген ақаулар мен бұзылу жағдайларында қалпына келтіру және қайта қосуды қамтамасыз ету.
3.2.13. Серіктестің бэк-офисіндегі шалыс жұмыс істеулер мен ақаулықтар нәтижесінде бүлінген немесе жоғалған бизнес-орнын, қаражат шоттарын және ақпараттарын қалпына келтіруді қамтамасыз етуге;

3.3. Компанияның құқықтары:

3.3.1. Бір тарапты тәртіпте Келісімшарт шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
Соынмен бірге Серіктесті Келісімшартқа енгізілген өзгерістермен толықтырулар арқылы хабарландыру осындай ақпаратты www.gtime.kz сайтына шығару арқылы жасалады,
3.3.2 Келісімшарт шарттарын бұзған жағдайда Серіктеске бэк-офиске қол жетімділігін толықтай, ереже бұзулар жойылған сәтке дейін шектеу;




4. Есептесулер тәртібі



4.1. Серіктестің маркетинг жоспарды орындауына қарай, Компания оған сыйақы төлеп отырады. Сыйақы төлеу және ҚР салық заңнамасымен қарастырылған салықтарды ұстап қалу орындалған жұмыстар актісіне сәйкес жүзеге асады. Сыйақы қолма-қол (Компания кассасы арқылы) немесе қолма-қол емес формада, Серіктестің банктің есепшотына сыйақаны аудару арқылы жасалуы мүмкін;
4.2. Серіктес сатып алған өнім бойынша Компанияға жасалатын төлем Серіктестің банктің есепшотынан www.gtime.kz сайтында көрсетілген Компания есепшотына аудару арқылы немесе Компания кассасына өнім құнын қолма-қол формада өткізу арқылы жасалады.
4.3. Маркетинг жоспар бойынша Серіктестің сыйақысын төлеу қолма-қол қаржыны (Компанияның қаржыны Серіктес көрсеткен есептік есепшотқа немесе банк карточкасына аудару) көрсетілген қызметтер туралы акті жасалған сәттен бастап 1-5 банк күні ішінде аудару арқылы жүзеге асады. Серіктестің банктік немесе пластика картасына шығару мұндай мүмкіндікті Компания Суппортымен өзара келіскеннен кейін және шығаруға жазбаша өтінішті бергеннен кейін жүзеге асады.
4.4. Сыйақыны төлеу де Серіктестің қалауы бойынша туроператорлардан туристік жолдамалар беру, сондай-ақ жасалған келісімшарттарға сәйкес тұрғыжайларға және арнайы турларға жеке турларды беру арқылы жасалуы мүмкін.
4.5. Маркетинг жоспар бойынша сыйақы төлемі автокөлік құралын беру арқылы да жасалады.
4.6. Серіктестің берілген Келісімшарт бойынша қызметтер көрсетуін тараптар қол қоятын орындалған жұмыстар туралы акітде көрініс табады.
4.7. Компания Серіктес, берілген Келісімшарттың 3-тармағында көрсетілген, өзінің міндеттемелерін толық көлемде орындамаған жағдайда ғана орындалған жұмыстар Актісіне қол қоюдан бас тартуға құқылы.




5.Тараптардың жауапкершілігі



5.1. Тараптардың бірі Келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе толықтай орындамаған жағдайда, екінші Тарап кінәліп тарапқа, қатысты Келісімшартпен қарастырылған санкцияларды қолдана алады;
5.2. Серіктес өзі әлеуметтік желілерде, жарнамалық немесе басқа да жарияланымдарда, интернетте www.gtime.kz сайты туралы, Компания қызметі және ның өнімдері туралы жалған және жала жабылған ақпараттар шығарғаны үшін жауапты болады.
5.3. Компания Серіктестің міндеттемелері бойынша үшінші тұлғалар алдында жауапты болмайды, тіпті бұл міндеттемелер Серіктестің Келісімшартты орындауына қатысты болса да;
5.4. Компанияның іскерлік беделіне және имиджіне нұқсан келтіретін жалға және жала сипатындағы ақпарат таратқаны үшін оған жол берген Серіктеске қатысты 500 000 (бес жүзі мың) теңгеден 1 000 000 (бір миллион) теңгеге дейінгі санкция қолданылуы мүмкін. Серіктес жоғарыда көрсетілген ереже бұзушылықты қайталаған жағдайда Келісімшарт бұзылады, Серіктес бизнес орнынан айырылады, сондай-ақ Келісімшартпен қарастырылған маркетинг жоспарды орындағаны үшін сыйақы да берілмейді.




6. Келісімшарттың жарамдылық мерзімі



6.1. Келісімшарт Серіктес Келісімшарт шарттарына келісімін Келісімшарт соңында берілген «ҚАБЫЛДАЙМЫН» сөзін таңдау арқылы келісім берген сәттен бастап өз күшіне енеді және 12 (он екі) ай ішінде арамды болады.
6.2. Егер тараптардың бірде-бірі Келісімшарттың аяқталу мерзіміне 10 күнтізбелік күн қалғанда Келісімшартты бұзуға ниет білдірмесе, онда Келісімшарттың әрекет ету мерзімі келесі 12 айға ұзартылған болып саналады.
6.3. Серіктес бэк-офистің операциялық-есептік жүйесін қолдану туралы келісімшарттың, сондай-ақ басқа да Компания қызметтерін реттейтін ішкі және мемлекеттік актілердің ережелерін бұзған жағдайда Компания берілген келісімшартты бұза алады.
6.4. Серіктес Компанияға материалдық немесе моралдық шығын келтірген жағдайда немесе Серіктес Серіктес және Компания арасындағы адал бизнес-серіктестікке жат әрекеттер жасаған жағдайда, сондай-ақ Серіктес Компанияның моральдық-этикалық кодексін сақтамаған жағдайда келісімшарт бұзылуы мүмкін.




7. Форс-мажор



7.1. Тараптардың біріне келісімшарт бойынша міндеттемелерін толықтай немесе оның бір бөлігін орындау мүмкіндігін жоятын, шұғыл жағдайлар орын алғанда, оның ішінде: өрт, табиғат апаттары, кез-келген сипаттағы әскери операциялар, қоршаулар, экспорт, импортқа тыйым салу немесе басқа да тараптарға тәуелді емес жағдайлар болғанда, Келісімшартты орындау мерзімі осындай жағдайлар жалғасатын мерзімге дейін кейінге шегеріледі. Аталған жағдайларға ұшыраған тарап 7 (жеті) күннен кем емес мерзім ішінде екінші тарапты, Келісімшартты орындауға кедіргі келтіретін, төтенше жағдайлардың орын алғандығы туралы хабарландыруы керек.
7.2 Келісімшарттың 7-бөлімінің 7.1-тармағында көрсетілген жағдайлардың орын алуының дәлелі елдің құзырлы органдары мен мекемелерінің ресми мәлімдемелері немесе құжаттары болады.




8. Келісімшартты уақытша тоқтату және бұзу тәртібі және шарттары



8.1 Келісімшарт, мүдделі тараптың екінші тарапты болжамды Келісімшартты бұзу күнінен кем дегенде 7 (жеті) жұмыс күні бұрын хабарландыруы арқылы, тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
8.2 Бір тарапта екінші тарапқа шағымдары немесе материалдық сипаттағы талаптары болған жағдайда, мүдделі тарап екінші тараптың мекенжайына тапсырысты хатпен өзінің талаптары негізделген және сәйкес материалдар тіркелген Келісімшартты бұзу туралы хабарламаны жіберуі тиіс.
8.3 Компанияның ішкі құжаттарымен қарастырылған жағдайларда, Компания бастамасы бойынша Келісімшарттың әрекет етуі уақытша тоқтатылуы мүмкі. Келісімшарттың уақытша тоқтатылуы туралы хабарлама, Компания сайтында тіркелген, Серіктестің электронды почтасына болжамды Келісімшартты уақытша тоқтату күнінен кем дегенде 7 (жеті) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Сонымен бірге Серіктес аталған хабарлама арқылы ақпаратты алған болып саналады.
8.4 Өзінің бастамасы бойынша Келісімшартты ерікті бұзу жағдайында, тараптардың бір-біріне шағымдары немесе талаптары болмаса, Серіктес те осындай хабарлама әдісін қолдана алады.




9. Дауларды шешу:



9.1. Тараптардың келісімшартты орындауы кезінде орын алуы мүмкін даулар мен қайшылықтар мүмкіндігінше келіссөздер арқылы шешілетін болады.
9.2. Даулар мен қайшылықтарды келіссөздер арқылы реттеу мүмкін болмаған жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының соттарында ҚР ағымдағы заңнамасына сәйкес қаралатын болады.




10.Ерекше жағдайлар



10.1. Компания Серіктеске, аталған бизнесте өздерінің мақсатқа жете білуімен және жеке қасиеттерімен керемет жетістіктерге қол жеткізген, VIP-көшбасшылар, сәтті Демеушілер және Серіктестер алатындай көлемдегі сыйақылар мөлшерін алатынына кепілдік бермейді. Кірістер мен пайда алу бойынша барлық тәуекелдерді Серіктес өз мойнына алады.
10.2. Сыйақыны алуға және арттыруға қатысты презентацияларда, тренингтерде, оқыту мектептерінде және www.gtime.kz сайтында келтірілетін (орналастырылған немесе орналастырылатын) мысалдар мен сөздер болжамды сипатқа ие және Серіктеске дәл сондай сыйақы алу кепілдігін бермейді.
10.3. Келісімшартқа қол қоя отырып, Серіктес сыйақыны алу және көлемін арттыруға байланысты өзі қате қабылдаған шешімдер мен барлық тәуекелдер үшін, аталған бизнесті жүргізу әдістері және Компания өнімін қолдану салалары бойынша барлық міндеттемелерді өзіне алатынымен келіседі.

10.4. Компания өнімін қолданы саласындағы және кіріс алу әдісіндегі Серіктестің өзіндік түсінігімен анықталған кірісті алатынынан кепілдік бермейді.
10.5. Компания Серіктестің іскерлік белсенділігін тоқтатуына және осыған байланысты мүмкін болатын материалдық шығындары үшін жауапты емес.
10.6. Компания Серіктестің интернет-ресурсын қаржыландыруға, сондай-ақ Серіктестің Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамаларының нормаларын бұзуына қатысты жауапты емес.
10.7. Компания Серіктестің міндеттемелері бойынша үшінші тұлғалар алдында жауап бермейді, тіпті бұл міндеттемелер Серіктесте Серіктестің Келісімшартты орындауына байланысты пайда болса да.




11. Қорытынды ережелер



11.1. Серіктес берілген Келісімшарт бойынша өзінің құқығын толықтай немесе оның бір бөлігін, Компанияның жазбаша келісімнсіз, үшінші тұлғаларға бере алмайды.
11.2. Келісімшарттың барлық қосымшалары оның ажырамас бөлігі болып табылады.
11.3. Тараптар үш күндік мерзім ішінде өздерінің заңды мекенжайларының, заңды статустарының және банктің дәйектемелерінің, телефон нөмірлерінің және факс пен электронды почтасының өзгергендігі туралы хабарландыруға міндетті.
11.4. Екінші тарапты Келісімшарттың 11.3-тармағында көрсетілген өзгерістер туралы хабарландырмаған тарап, екінші Тарап жіберген корреспонденцияны алмағынына сілтеме жасай алмайды және осыған байланысты пайда болған құқықтар салдарға жауапты болады.
11.5. Берілген Келісімшартта қарастырылмаған барлық жағдайларда тараптар Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасын басшылыққа алады.




«G-TIME CORPORATION» компаниясы серіктесінің моральды-этикалық кодексі



1. “G-TIME CORPORATION” компаниясын құрметтеу және оның міндеттерін, мақсаттарын және бағыттарын айқын көрсету. Маркетингін жете білу және фактілердің бұрмалануына жол бермеу.
2. Компанияның мақсаттарын қабылдай отырып, ортақ міндеттерді орындауда онымен бірге бір бағытта алға ұмтылу.
3. Компанияның барлық серіктестеріне және өзінің командасына құрметпен қарау.
4. Бизнеске өзінің алдына сіз тәрізді дәл сондай мақсаттар қойған дұрыс көзқарасты адамдарды шақыру. Шақырған адамдарыңыз үшін жауапты болу.
5. Сізге ақпарат беріп, Сізді осы жобаға шақырған адамды қадірлеу және құрметтеу. Әрқашан есіңізде болсын: Сіз де біреулер үшін ақпараттық тәлімгер боласыз.
6. Барлық тартысты жағдайларда әдеп, парасаттылық сақтаңыз, істің ретін тауып, дауларды сабырлы күйде шешіңіз.
7. Сіздің тәлімгеріңіз, ол тек Сіздің ақпараттық тәлімгеріңіз болып табылатындықтан, Сізге материалды демешілік көрсетуге міндетті емес екендігін есте ұстаңыз. Мұның Сіздің командаңыздағы адамдарға байланысты Сізге де қатысы бар.
8. Өз бизнесіңізді тартыссыз жүргізу үшін, басқа көшбасшылардың серіктестерін тартып алуға тырыспай-ақ, командаңызға тек өзіңізге ұқсас адамдарды шақырыңыз.
9. Демеуші өзінің шақырған серіктестері үшін жауапты болады.
10. Жобамыздың чаттарында, конференц-бөлмеде бүлдіргіш және теріс ақпарат бермеу және басқа жобалардың сілтемелерін жібермеу. Бұл Сіздің көсбасшы ретіндегі беделіңізді түсіреді және Сіздің командаңыздағы қарым-қатынасты бұзады. Сізді серіктестеріңіз қайталайтын болады.
11. Өз адамдарыңызға жобаға деген оң қатынас қалыптастыруға көмек беру және тек сөзбен емес, өзіңіздің мысалдарыңызбен және ісңізбен қорытынды мақсатқа қол жеткізудің мүмкін екендігін көрсетіңіз.







ПОПУЛЯРНЫЕ СТАТЬИ

Дневник Успеха
Твоя жизнь – в твоих руках!
http://dnevnyk-uspeha.com

Личная эффективность
Работа и Карьера
http://uspeh-success.ru/category/stati/

Психология достижения цели
Как достичь Успеха
http://www.iaim.ru

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ


ТОО "G-TIME CORPORATION"

Наш адрес: Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Достык 2(Квартал), 2-этаж, Блок С
Скайп: gtimekz
E-mail: info@gtime.kz
Тел.: +7 (727) 333-45-94
Моб.: +7 707 465 65 54

© 2012-2016 WWW.GTIME.KZ - официальный сайт компании G-TIME CORPORATION г.Алматы
Все права защищены.
Любое копирование материалов преследуется по закону об авторском праве Республики Казахстан.
    Продукции   /   Видео   /   Правила   /   Новости   /   Цитаты   /   Книги   /   Туризм   /   Приказы   /   Контакты