• Официальная страница G-TIME CORPORATION   • Эксклюзивная шунгитовая продукция   • Доставка продукции по всему миру   • Высокодоходный бизнес   • Поздравляем наших партнеров с выходом на вознаграждения   • Premium: Саят2008, Ракета7, Фати, Эмера63, Жазира, Бахыт0101, Дико2, Нургуль ханым, КосмосК   • VIP: Босикан, Жамила52К, Аяулым, Торе22, Смелая77, Бриллиант, BMW22, 777Тулпар, Айгуля2020, bmw1   • Основной: Акока, vipchayka3, Карлыгаш1975, 2СанСэй, vipolzem3, Биржан1972, Жазира апай, vipmai1, Гуля, oof1 и желаем Вам дальнейших успехов!

Жаналыктар

30
11. 2022 г

Құрметті серіктестер

Қоймада VIP бағдарламасының сөмкелерінің (рюкзактардың, саквояждардың) таусылғанына байланысты, олар уақытша басқа тауарлармен ауыстырылады:
4 бет күтіміне арналған кремдер (жасартатын, Проблемалы теріге арналған, ылғалдандыратын) және тағы 1 крем қалауыңыз бойынш...

Тапсырыстар

Ескерту!

Ауысу пин-кодтарын алған Серіктестер жұмыс күні ішінде тіркеуі керек. Әйтпесе пин-кодтардың күші жойылады (бұғатталады). 

Ауысу пин-кодтарын қайталап алу ақылы негізінде жүзеге асырылатын болады!. 

Пин-кодтарды берілген күннен бастап 2 күн ішінде тіркеу керек. Мерзімі өткен пин-кодтың күші жойылады.

«G-TIME CORPORATION» әкімшілігі

47
Бұйрық 25.01.2024 ж. Алматы қ.

Командалардың тауар айналымын ұлғайту мақсатында, компания көшбасшыларының серіктестерді оқытуы туралы

 БҰЙЫРАМЫН

  1. Компанияның ай сайынғы сату және айналым жоспарын орындау үшін Авто, ТОП, БЕСТ Көшбасшылары өз командалары арасында бағдарлама жоспары, өнімдер және косметология жоспары бойынша тұрақты негізде тренингтер өткізеді.

а)      Тренингтің ақылы немесе тегін екенін өткізетін Көшбасшы анықтайды.

б)      Барлық оқу жоспарлары мен кестелерін команданың ТОП Көшбасшысымен  келісілген болу қажет.

в)      Барлық оқу жоспарлары Компанияның бағдарламаларына, бағаларына және талаптарына қатаң сәйкес келуі керек.

 

Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі орынбасары Д.В.Юрченкоға, командалардың ТОП Көшбасшыларына жүктелсін.

 

Бас директор                                                        Шаяхметов Д.Ж.

 

1
Бұйрық 5.02.2015 жыл, Алматы қаласы.

«G-TIME-CORPORATION» компаниясында таза жұмыс жасауға, өндірістік қажеттілікке, сондай-ақ даулы жағдайларды болдырмау, тауарлар мен қызметтерді жылдам және тиімді іске асыру мақсатында 

1. Компания демеушілері мен компания Орындаушысы мәртебесін алған тұлғаларға компанияға қосылып компания өнімдері мен қызметтерін пайдалануға ниетті тұлғадан қолма-қол ақша алуға тыйым салу. 

2. Компания жұмысының тазалығы үшін компания демеушілері мен компания Орындаушысы мәртебесін алған тұлғалар қаржыны компанияның кассасы арқылы немесе депозиттік, карточкалық жүйемен, жеке шотына ақша аудару арқылы ғана қабылдауы керек. 

3. Компания демеушілері мен компания Орындаушысы мәртебесін алған тұлғалар
даулы жағдайларды болдырмау мақсатында жаңадан келген адамдарға Орындаушы мәртебесін, компания өнімдері мен қызметтерін алу үшін банктерден несие алуға жол бермеу туралы түсіндіру керек, сонымен қатар www.gtime.kz сайтына енгізілген Ақылы қызметтер туралы» туралы шарттың мәтінімен егжей-тегжейлі таныстыруы тиіс.

4. Компания демеушілері мен компания Орындаушысы мәртебесін алған тұлғалар жаңадан келген адамдарды өздігінен компаниямен ақылы қызмет көрсету туралы келісімшартқа отыруды, www.gtime.kz сайтына тіркелуді, бірегей әрі бос логин таңдауға, ары қарай операциялық есепке алу жүйесінде (бэк-офистер) жұмыс істеуді үйретуі тиіс.

5. Осы бұйрықпен Компания демеушілері мен компания Орындаушысы мәртебесін алған тұлғаларды таныстыру.

6. Бұйрықтың орындалуын өз бақылауыма аламын.

Бас директоры Жумагулова Ж.М.

 

2
Бұйрық 10.02.2015 жыл, Алматы қаласы.

Қазақстан Республикасында тиімді және заңды электронды бизнес жүргізу мақсатында 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «G-TIME-CORPORATION» компаниясының автокөлік иегері болған серіктестері 2 жыл көлемінде маркетинг қызметін дамыту және сауда айналымын ұлғайтуға міндеттеледі және басқа желілі компанияларда жұмыс жасап, ақпарат таратуына болмайды. 

2. «G-TIME-CORPORATION» компаниясының көшбасшылары орындаушымен жасасқан «Ақылы қызметтер туралы» келісімшартта көрсетілген маркетинг жоспарды қатаң түрде орындауға тиіс. 

3. Заңға қайшы әрекеттер жасалған жағдайда, маркетинг тармақтарының ережелері бұзылған жағдайда 500 000 (бес жүз мың) теңгеден 1 000 000 (миллион) теңгеге дейінгі айыппұл түрінде ықпалшара қолданылатын болады немесе «G-TIME-CORPORATION» компаниясындағы бэк-офистерінің қызметі тоқтатылады. 

4. Бұйрықтың орындалуын өз бақылауыма аламын. 

Бас директоры Жумагулова Ж.М.

 

3
Бұйрық 16.02.2015 жыл, Алматы қаласы.

Серіктестерді өзге командаларға тарту фактілері анықталған жағдайда 

БҰЙЫРАМЫН: 

1. Команда бэк-офистерін сол мөлшерде қайтару.Вернуть той команде бэк-офисы в том же количестве 
2. Бұзған жағдайда – серіктестердің бэк-офистерінің қызметі тоқтатылады. 
3. Бұйрықтың орындалуын өз бақылауыма аламын.

Бас директоры Жумагулова Ж.М.

 

4
Бұйрық 17.02.2015 жыл, Алматы қаласы.

Орындаушының электронды бизнесті объективті бағалау мақсатында

БҰЙЫРАМЫН: 

1. «ЖИНАҚТАУ+», «НЕГІЗГІ», «VIP» бағдарламасы бойынша сыйақыда тұрған және компания өнімдерін сатуды жүзеге асырмаған Орындаушының орнына сыйақы Орындаушының ескеруінсіз сол баспалдақта бағдарлама бойынша сауда айналымын жасаған орындаушыға беріледі. 
2. Сыйақы шыңында тұрған БЭК-офистерді сатуға қатаң түрде тиым салынады. 
3. Бұйрықтың орындалуын өз бақылауыма аламын. 

 

Бас директоры Жумагулова Ж.М.

 

5
Бұйрық 17.02.2015 жыл, Алматы қаласы.

Заңды электрондық бизнес жүргізу мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

1. 3 ай ішінде компания өнімдерін сатуды жүзеге асырмаған команда құрылымын қалпына келтірген Орындаушы команданың демеушісі болып саналады және бұл қайта жазылуды есепке алмайды. 
2. Бұйрықтың орындалуын өз бақылауыма аламын.

Бас директоры Жумагулова Ж.М.

 

6
Бұйрық 17.02.2015 жыл, Алматы қаласы.

«G-TIME CORPORATION»  ЖШС тиімді және заңды электронды бизнес жүргізу мақсатында

БҰЙЫРАМЫН: 

1. Жоғары тұрған демеушінің өтініші бойынша директордың техникалық бөлім орынбасары, бас бағдарламашы, компания бағдарламашысы директордын рұқсатымен бір ай ішінде себепсіз «G-TIME CORPORATION» ЖШС компания өнімдерін сатуды жүзеге асырмаған серіктестердің ескеруінсіз логині мен бизнес-орындарын ауыстыруға құқылы.
2. Бұйрықтың орындалуын өз бақылауыма аламын.

Бас директоры Жумагулова Ж.М.

 

7
Бұйрық 18.02.2015 жыл, Алматы қаласы.

«G-TIME CORPORATION» ЖШС  17.02.2015 ж. № 4 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН: 

1. 17.02.2015 ж. № 4 бұйрығының 1-тармағына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп алдағы уақытта төмендегідей оқылсын:
«ЖИНАҚТАУ+», «НЕГІЗГІ», «VIP» бағдарламасы бойынша шыңда тұрған Орындаушы бір ай ішінде компания өнімдерін сатуды жүзеге асырмаса, сыйақы Орындаушының ескеруінсіз сол баспалдақта тұрып бағдарлама бойынша сауда айналымын жасаған орындаушыға беріледі.
Егер «БАСТАПҚЫ» бағдарлама бойынша шыңда тұрған Орындаушы екі апта ішінде компания өнімдерін сатуды жүзеге асырмаса, сыйақы Орындаушының ескеруінсіз сол баспалдақта тұрып бағдарлама бойынша сауда айналымын жасаған орындаушыға беріледі.Егер «Фаст» бағдарлама бойынша шыңда тұрған Орындаушы он күн iшiнде компания өнiмдерiн сатуды жүзеге асырмаса, сыйақы Орындаушының ескеруiнсiз сол баспалдақта тұрып бағдарлама бойынша сауда айналымын жасаған орындаушыға берiледi. 
2. Сыйақы шыңында тұрған БЭК-офистерді сатуға қатаң түрде тиым салынады. 
3. Бұйрықтың орындалуын өз бақылауыма аламын. 

Бас директоры Жумагулова Ж.М.

 

8
Бұйрық 01.08.2015 жыл, Алматы қаласы.

«G-TIME CORPORATION» ЖШС (Тапсырыс беруші) мен  Серіктес (Орындаушы) арасында автокелісім мәтініне толықтырулар  енгізу  туралы 

БҰЙЫРАМЫН:

«G-TIME CORPORATION» ЖШС (Тапсырыс беруші) мен Серіктес (Орындаушы) арасында автокелісімнің мәтінін 2, 3, 4, 5 тармаққа сәйкес толықтырылып алдағы уақытта төмендегідей оқылсын: <br>

1.Тапсырыс беруші Орындаушыға берілген __________________автокөлік маркасына «G-Time Corporation» ЖШС логотипін тіркеуге үшін міндетті. Ал белгілі бір жағдайларда Орындаушы (авария немесе басқа форс-мажорлық жағдайлар кезінде логотипке залал келсе) өз есебінен «G-Time Corporation» ЖШС логотипін қалпына келтіруге міндеттенеді. Екі жыл бойы логотиптің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. <br>

2. Жүлделі автокөлік иелері Тапсырыс берушінің ішкі нормативтік ережесіне сай екі жыл бойы ЖШС құрылымындағы үш адамға арналған сауда айналымын жасауға көмектесуге міндетті және қаржы пирамидасы бойынша параллель жұмыс істемеуі керек. 

3. Екі жыл ішінде компания өзіне ыңғайлы уақытта автокөлік құралын тексеруге, бақылауға құқылы. 

4. Екі жыл ішінде Орындаушы «G-TIME CORPORATION» ЖШС автокөлік құралын сатпауы тиіс. 

5. Орындаушы тарапынан осы автокелісім бұзылған жағдайда тапсырыс беруші «G-TIME CORPORATION» ЖШС автокөлікті қайтарады немесе автомобильдің құнын қайтарады. 
Келісім орыс тілінде «Тараптардың» әрқайсысы үшін 2 данада жасалған.

Бұйрықтың орындалуын өз қадағалауыма аламын.

Бас директоры Жумагулова Ж.М.